«СК-ФАРМАЦИЯ» И ТУРЕЦКАЯ ФАРМКОМПАНИЯ ОБСУДИЛИ СОТРУДНИЧЕСТВО: УСИЛИВАЕТСЯ ДЕЯТЕЛЬНОСТЬ ПО РАЗВИТИЮ ПРЯМЫХ ЗАКУПОК
  1. Anasayfa
  2. /
  3. Объявления / Хабарландырулар
  4. /
  5. «СК-ФАРМАЦИЯ» И ТУРЕЦКАЯ ФАРМКОМПАНИЯ...

Geçmişten Geleceğe Sağlık

«СК-ФАРМАЦИЯ» И ТУРЕЦКАЯ ФАРМКОМПАНИЯ ОБСУДИЛИ СОТРУДНИЧЕСТВО: УСИЛИВАЕТСЯ ДЕЯТЕЛЬНОСТЬ ПО РАЗВИТИЮ ПРЯМЫХ ЗАКУПОК

Geçmişten Geleceğe Sağlık

«СК-ФАРМАЦИЯ» И ТУРЕЦКАЯ ФАРМКОМПАНИЯ ОБСУДИЛИ СОТРУДНИЧЕСТВО: УСИЛИВАЕТСЯ ДЕЯТЕЛЬНОСТЬ ПО РАЗВИТИЮ ПРЯМЫХ ЗАКУПОК

На площадке Единого дистрибьютора состоялась встреча с представителями турецкого фармацевтического холдинга АО «Атабай Кимья Санайи Ве Тиджарет Аноним Ширкети». В ходе переговоров обсуждались перспективы их возможного участия в закупках лекарственных средств в рамках ГОБМП и ОСМС напрямую, без привлечения дистрибьюторов.

Атабай Кимья Санайи Ве Тиджарет Аноним Ширкети – турецкая компания с 80-летним опытом, осуществляющая разработку и производство лекарственных средств и активных фармацевтических ингредиентов в соответствии со стандартами GMP, требованиями FDA и Европейского союза.

Представители компании отметили, что деятельность на территории Республики Казахстан была начата в 2021–2022 годах. За этот период получено 29 регистрационных удостоверений на лекарственные средства. В настоящее время компания осуществляет поставки на розничный рынок Казахстана таких препаратов, как парацетамол, амоксициллин, азитромицин, левофлоксацин, ацикловир и другие.

Директор Представительства компании в Казахстане Метин Четиндаг выразил заинтересованность в сотрудничестве с Единым дистрибьютором с целью обеспечения устойчивых поставок качественных лекарственных средств и повышения доступности фармакотерапии для населения страны.

В свою очередь представители ТОО «СК-Фармация» разъяснили требования к потенциальным поставщикам в соответствии с действующими нормативными правовыми актами. Также было отмечено, что казахстанские фармацевтические производители имеют возможность заключения долгосрочных договоров с Единым дистрибьютором сроком до 10 лет, что обеспечивает стабильный государственный заказ на поставку лекарственных средств и медицинских изделий. Законодательство также предусматривает возможность продления таких договоров на дополнительный срок до трех лет.

Кроме того, в стране реализуется практика заключения договоров на контрактное производство оригинальных запатентованных препаратов, что способствует развитию инновационных технологий и собственных разработок.

«В настоящее время мы активно развиваем и совершенствуем деятельность Единого дистрибьютора по закупу лекарственных средств и медицинских изделий, включая прямые закупки у иностранных и казахстанских производителей. Особое внимание уделяется расширению ассортимента и повышению доступности качественных препаратов, а также обеспечению их закупа по наиболее приемлемым ценам. Мы открыты к взаимодействию и готовы предоставить необходимую информацию для детального изучения. Кроме того, ведется работа по цифровизации бизнес-процессов, включая внедрение систем управления складами и транспортом, а также аналитических решений на базе искусственного интеллекта. В данном направлении мы открыты к обмену опытом и дальнейшему сотрудничеству», — отметил Председатель Правления ТОО «СК-Фармация» Нурлыбек Асылбеков.

По итогам встречи стороны поблагодарили друг друга за конструктивный диалог и выразили готовность продолжить изучение всех вопросов для дальнейшего сотрудничества.

30.04.2026 – «СК-ФАРМАЦИЯ» И ТУРЕЦКАЯ ФАРМКОМПАНИЯ ОБСУДИЛИ СОТРУДНИЧЕСТВО: УСИЛИВАЕТСЯ ДЕЯТЕЛЬНОСТЬ ПО РАЗВИТИЮ ПРЯМЫХ ЗАКУПОК 

https://sk-pharmacy.kz/rus/media/smi_o_nas/%C2%ABsk-farmacziya%C2%BB-i-tureczkaya-farmkompaniya-obsudili-sotrudnichestvo-usilivaetsya-deyatelnost-po-ra

«СҚ-ФАРМАЦИЯ» ЖӘНЕ ТҮРІК ФАРМАЦЕВТИКАЛЫҚ КОМПАНИЯСЫ ЫНТЫМАҚТАСТЫҚТЫ ТАЛҚЫЛАДЫ: ТІКЕЛЕЙ САТЫП АЛУЛАРДЫ ДАМЫТУ БОЙЫНША ҚЫЗМЕТ КҮШЕЙТІЛУДЕ

Бірыңғай дистрибьютор алаңында түркиялық «Атабай Кимья Санайи Ве Тиджарет Аноним Ширкети» фармацевтикалық холдингінің өкілдерімен кездесу өтті. Келіссөздер барысында олардың тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі (ТМККК) және міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру (МӘМС) шеңберінде дәрілік заттарды дистрибьюторларды тартпай, тікелей сатып алуға қатысу мүмкіндіктері талқыланды.

«Атабай Кимья Санайи Ве Тиджарет Аноним Ширкети» – GMP стандарттарына, FDA және Еуропалық одақ талаптарына сәйкес дәрілік заттар мен белсенді фармацевтикалық ингредиенттерді әзірлеу және өндірумен айналысатын, 80 жылдық тәжірибесі бар түрік компаниясы.

Компания өкілдерінің айтуынша, Қазақстан Республикасындағы қызмет 2021–2022 жылдары басталған. Осы кезеңде дәрілік заттарға 29 тіркеу куәлігі алынған. Қазіргі уақытта компания Қазақстанның бөлшек сауда нарығына парацетамол, амоксициллин, азитромицин, левофлоксацин, ацикловир және басқа да препараттарды жеткізеді.

Компанияның Қазақстандағы өкілдігінің директоры Метин Четиндаг сапалы дәрілік заттардың тұрақты жеткізілімін қамтамасыз ету және ел тұрғындары үшін фармакотерапияның қолжетімділігін арттыру мақсатында Бірыңғай дистрибьютормен ынтымақтастыққа қызығушылық білдірді.

Өз кезегінде «СҚ-Фармация» ЖШС өкілдері қолданыстағы нормативтік құқықтық актілерге сәйкес әлеуетті жеткізушілерге қойылатын талаптарды түсіндірді. Сондай-ақ қазақстандық фармацевтикалық өндірушілердің Бірыңғай дистрибьютормен 10 жылға дейінгі мерзімге ұзақ мерзімді шарттар жасасу мүмкіндігі бар екені атап өтілді, бұл дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды жеткізуге тұрақты мемлекеттік тапсырысты қамтамасыз етеді. Заңнама мұндай шарттарды қосымша үш жылға дейін ұзарту мүмкіндігін де қарастырады. Бұдан бөлек, елде түпнұсқалық патенттелген препараттарды келісімшарттық өндіру бойынша шарттар жасасу тәжірибесі іске асырылуда, бұл инновациялық технологиялар мен отандық әзірлемелердің дамуына ықпал етеді.

«Қазіргі уақытта біз дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды сатып алу, оның ішінде шетелдік және қазақстандық өндірушілерден тікелей сатып алу бағытында Бірыңғай дистрибьютор қызметін белсенді түрде дамытып, жетілдірудеміз. Сапалы препараттардың ассортиментін кеңейтуге, олардың қолжетімділігін арттыруға және ең қолайлы бағамен сатып алынуын қамтамасыз етуге ерекше назар аударылады. Біз ынтымақтастыққа ашықпыз және жан-жақты зерделеу үшін қажетті ақпаратты ұсынуға дайынбыз. Сонымен қатар қойма және көлік басқару жүйелерін енгізуді, сондай-ақ жасанды интеллект негізіндегі талдамалық шешімдерді қамтитын бизнес-процестерді цифрландыру жұмыстары жүргізілуде. Бұл бағытта тәжірибе алмасуға және одан әрі ынтымақтастыққа дайынбыз», – деп атап өтті «СҚ-Фармация» ЖШС Басқарма төрағасы Нұрлыбек Асылбеков.

Кездесу қорытындысы бойынша тараптар сындарлы диалог үшін өзара алғыс білдіріп, алдағы ынтымақтастық аясында барлық мәселелерді жан-жақты қарастыруға дайын екендіктерін жеткізді.

30.04.2026 – «СҚ-ФАРМАЦИЯ» ЖӘНЕ ТҮРІК ФАРМАЦЕВТИКАЛЫҚ КОМПАНИЯСЫ ЫНТЫМАҚТАСТЫҚТЫ ТАЛҚЫЛАДЫ: ТІКЕЛЕЙ САТЫП АЛУЛАРДЫ ДАМЫТУ БОЙЫНША ҚЫЗМЕТ КҮШЕЙТІЛУДЕ